Бішкекте төтенше жағдай режимі жарияланды
Бішкекте төтенше жағдай режимі жарияланды
197
оқылды
Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Бішкекте төтенше жағдай режимін жариялады, - деп хабарлады azattyq-ruhy.kz. Жарлыққа сәйкес, Бішкек қаласының аумағында 2020 жылғы 9 қазанда сағат 20.00-ден бастап 21 қазанда сағат 08.00-ге дейінгі кезеңге төтенше жағдай режимі енгізіледі. Ішкі істер министрінің орынбасары Алмазбек Орозалиев Бішкек қаласында төтенше жағдай режимі кезеңінде комендант (бұдан әрі - Комендант) болып тағайындалды. Төтенше жағдайды қамтамасыз ету үшін Бішкек қаласында комендатура құрылады. Жарлыққа сәйкес, қалада коменданттық сағат, азаматтардың кіруі мен шығуының ерекше режимі енгізіледі. Жеке азаматтарға белгіленген мерзімде өз үйінен (пәтерінен) немесе уақытша тұрғылықты жерінен шығуға тыйым салынады.