Жалынды жас, жарқын болашақ
Жалынды жас, жарқын болашақ
488
оқылды

Талантты, белсенді жастарды қолдау – күн тәртібінен түспейтін мәселе. Соның бір көрінісі – ел басқарушы кадрларды анықтау, іріктеу, дайындау және тәрбиелеуге бағытталған «Жастар кадрлық резерві» жобасы. Бұл – қызметінде өсуге ынталы, кәсіби дағдылар мен басқару біліктілігі жоғары мамандардың республикалық деректер базасы.

Nur Otan партиясы, Jas OtanЖастар қанатының және Ақ­па­рат және қоғамдық даму ми­нистр­лігінің қолдауымен, «Аза­мат­тық бастамаларды қолдау ор­та­лығы» КЕАҚ мемлекеттік гран­ты аясында «Жастар кадр­лық резер­ві» жобасының 10-ме­рей­той­лық ашылуы болды. Осыған орай қызмет бойынша деңгейі жоға­рылап, өздерін же­­тек­ші қызметке ұсынатын ма­ман­дар даярлау арқылы елі­міз­дегі жастардың кадрлық ре­зер­він қалыптастыру жұмысы жан­да­нады.

Еліміздің әр өңірінде ұйым­дастырылған арнайы конкурстан өтіп, көзге түскен қатысушылар оқу курсы аяқталғаннан кейін Пар­ламентте, Орталық мем­ле­кеттік басқару органдарында, ұлт­тық және ірі компанияларда тағы­лым­дамадан өтеді. «Біздің мақ­са­тымыз – іскерлік тәжіри­бені ұйым­дастыру. Осыдан кейін жі­герлі жастар мемлекеттік қыз­метке бару немесе бармау ту­ралы шешім қабылдайды. Жо­баға елі­міздегі 18 бен 29 жас ара­лы­ғын­­дағы барлық жас, кез кел­ген ма­мандық иесі қатысып жа­тыр. Олар осы жерден көп нәр­се үй­реніп, болашағына қатыс­ты маңыз­ды шешім қабыл­дай­ды», – дей­ді Bolashaq қауымдас­тығының ат­қару­шы ди­рек­торы Лаура Демесінова.

Жобаға қатысушылардың бірі – Дәулет Қанатұлы. Тараз қаласынан келген ол мұнай-газ, жерді ме­лиора­циялау, бап­тау және қорғау саласының маманы. Мұнай мен газды өң­деу саласында он жылдам астам уақыт тәжірибе жинаған 29 жас­тағы маман биологиялық әдіс арқылы жерді қалпына кел­тіру бойынша ғылыми жаңа­лық ашып, Орталық Азия ма­гистрант­тарының арасында өт­кен конкурстан бірінші орын ала­ды. Оның ойлап тапқан әдісі­мен Еуропаның деңгейінде алынба­ған нәти­желерге қол жеткізілді.

«Америкалық мамандармен бірге халықаралық жобаға қа­тыстым. Өндірісті, яғни мұнай мен газ өнімдерін іске қосудан бастап, одан өнім алу және оған қажетті құрал-жабдықтарды жа­сау бойынша әзірлеген ғы­лы­ми жаңалығым нәтиже бер­ді. Кішігірім қондырғыдан үл­кен көлемдегі өнім алдық. Ма­мандар жоғары бағалап жатыр. Біраз ұсыныстар бар. Жер мәселесіне қатысты халық­ара­лық тәжірибе бойынша док­тор­лық диссертациямды әзір­леп жатырмын. Біздің әлеуе­тіміз үлкен. Қазақстанның бүкіл Орта Азияны шикізатпен емес, мұнай-газ өнімдерімен то­лық қамтамасыз етуге және 2 мил­лиард­тан астам адамды азық-түлік­пен қамтуға мүмкіндігі бар. Бірақ өкінішке қарай, қазір 18 млн халқымызды қамтамасыз ете алмай отырмыз. Біз – еңбекқор халықпыз. Еңбекқорлықтың не­гізі – ой еңбегінде. Ақыл-ойы­мыз­дың әлеуетін, яғни заманауи тех­нологияны пайдала­нуымыз керек. Спутник құралдар арқылы жерге мониторинг, ана­лиз жасап, зерт­теп, сол жерге ар­найы тыңайт­қыштар дайындап, не еккен дұ­рыс екенін білген жөн деп есеп­­теймін. Өкінішке қарай, жер­дің құнарлылығы жылдан-жыл­ға төмендеп жатыр. Осы орайда ауыл шаруашылығы саласы мен ғы­лым­ды мықтап байланыстырған дұрыс болар еді. Бізге дайын өнім шығарғаннан гөрі шикізатты сат­қан арзанырақ. Мысалы, мұнай өнімдерін шы­ға­рып, өңдеп сататын болса, өң­деуші зауыттарда қосымша құн салығы жүреді. Ал шикізатта олай емес. Осындай кедергілер жойыл­­са, бизнеске де, басқаға да жақсы мүмкіндіктер туар еді. Алаш зиялылары «Қазақтың бола­шағы – жер және соны дұ­рыс пай­далануға байланысты» деп бекер айтқан жоқ. Жердің астын­дағы қазба байлықты да ши­­кізат ретінде емес, өңдеп, өнім күйін­де сату еліміздің да­муы­на драй­вер болады», – дейді ол.

Айта кету керек, аталған жо­баға он маусым ішінде 15 000-нан астам жастар қатысқан. Олардың 468-і конкурстық іріктеуден, тестілеуден, оқу модульдерінен өтіп, Парламентте, ұлттық ком­панияларда және орталық мем­лекеттік органдарда іс-тә­жірибеден өтті.