1941-1945 жылдар аралығындағы соғыста қаза болып, Ресей аумағында жер қойнына тапсырылған қазақстандық жауынгер Қаш Әбдірахмановтың мүрдесі Қазақстандағы туған жеріне әкелінді.
Ақмола облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті жергілікті орындаушы органдар мен ардагерлер ұйымы әскери рәсімдерді сақтай отырып, сарбаздың туған жерінде салтанатты шара ұйымдастырды.
Ұлы Отан соғысының қатысушысы Қаш Әбдірахмановтың мүрдесі 2019 жылы қазан айында Ресейдің Киров облысының әскери комиссариаттарының, Котельнич қаласының әкімшілігімен және «Юнамария» бірлескен жалпыресейлік әскери-патриоттық қозғалысының көмегімен табылды.
Мұрағаттағы мәліметтерге сәйкес, Әбдірахмановтың Ақмола облысы Біржан сал ауданы Жаңатұрмыс ауылының тумасы екені анықталды. Ол 1941 жылы шілде айында әскерге қабылданып, 73-дивизия құрамында жауынгерлік іс-қимылдарға қатысқан. Азаматтық хал актілер тіркеуіне сәйкес Қаш Әбдірахманов Киров облысы Котельнич қаласының әскери госпиталінде ауыр жарақаттан қаза тауып, Киров қаласынан 124 шақырым жерде орналасқан №40 ағайынды зиратта жер қойнына тапсырылды.
Қазақстан мен Ресейдің қорғаныс ведомстволарының ынтымақтастығы мен іздеу жұмыстарының арқасында батырдың сүйегі туған жеріне әкелінді.