Желіде Қырғыз Республикасының бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты ұстау сәтіндегі видео пайда болды.
Алмазбек Атамбаев Бішкектегі жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру дерегі бойынша қылмыстық іс аясында ұсталған. Экс-президентпен бірге жақтастары, бұрынғы күзетшілері Дамир Мұсакеев пен Қанат Сағынбаев та ұсталды.
Еске сала кетейік, Алмазбек Атамбаевқа Қырғыз Республикасы Қылмыстық кодексінің бірнеше бабы бойынша айып тағылған. 2019 жылдың 7-8 тамызында Қой-Таштағы жағдайлар бойынша және Азиз Батукаевты заңсыз босатуға қатысты сот процесі жүріп жатыр. Ол 6 қазанға қараған түні тергеу изоляторынан шықты.
https://www.instagram.com/p/CGLUUE_nyk2/