Бейруттағы жанар-жағармай қоймасында қатты жарылыс болды. Бұл туралы Ливанның Al Jazeera телеарнасы хабарлады.
Халық тығыз орналасқан Тарик Джадида кварталында болған жарылыс нәтижесінде үш адам қайтыс болды, 50-ден астам азамат жарақат алды. Қазіргі уақытта мамандар қоймада жарылғыш заттардың бар-жоғын тексеріп жатыр. Сондай-ақ, оқиға орнында өрт сөндірушілер, дәрігерлер мен құтқарушылар жұмыс істеуде. Ғимарат пен көрші үйлердің тұрғындары эвакуацияланды.
Қойма орналасқан үйдің тұрғындары иесінің сол жерде электр генераторы үшін дизель отынын сақтағанын айтты. Басқа нұсқа бойынша, қоймада бензин құйылған бидондар мен мазут құйылған резервуар сақталған. Бұған дейін 4 тамызда Бейрут портында қатты жарылыс болды. Өрттің салдарынан қоймада ұзақ уақыт сақталған 2750 тонна аммиак селитрасы жарылды. 190-ға жуық адам қаза тапты, алты мыңнан астам адам жарақат алды, мыңдаған тұрғын үйлер қирады.