Huawei әлем халқының 58% қамтымақшы
Huawei әлем халқының 58% қамтымақшы
282
оқылды

Huawei 5G желілері 2025 жылға қарай әлем халқының 58% қамтып, 2,8 млрд пайдаланушыға қызмет көрсетеді деп күтуліде.

5G технологиясы болжамдалған мерзімінен қолданысқа әлдеқайда ертерек таралды: қазіргі уақытта әлем бойынша 5G чиптерін өндіруші 4 компания бар және 5G ұялы телефондарының 40 моделі сатылымға шығып үлгерді. Бүгінгі күні компания бүкіл әлем бойынша 50 коммерциялық келісімшарт жасасты және 230 000-нан астам 5G базалық станцияларын салды, бұл көрсеткіш Huawei-дің ақпаратты-коммуникациялық технология жабдықтарын жеткізушілер арасындағы көшбасшылығын қамтамасыз етті.

Huawei 5G желілері 2025 жылға қарай әлем халқының 58% қамтып, 2,8 млрд пайдаланушыларға қызмет көрсетеді деп күтуліде. Huawei қазірдің өзінде әлемнің әртүрлі елдерінде бірқатар 5G желілерін сынақ режимінде орналастырды, сонымен қатар технологияны коммерциялық мақсатта қолдана бастады. Huawei және Оңтүстік Кореяның телекоммуникациялық операторы LG Uplus 2019 жылғы Дүниежүзілік Мобильді Конгрестің қарсаңында, 10 000-нан астам желілік торап орналастырылған коммерциялық Gbps 5G желісін құрылғандығын жариялады, ол үшін 10 000-нан астам желілік торап орналастырылған. LG Uplus және Huawei сонымен қатар виртуалды шындық қызметтерін және 5G желілері негізінде ультра жоғары ажыратымдылықтағы бейнелерді көрсетті, бұл жаңа коммерциялық қосымшалардың құрылуын жақындатты.

 

Жетекші операторлар 5G-дің коммерциялық енгізілуінің іске асырылуын барынша жақындатуға тырысуда. Бұл құбылыс осы технологияны алғаш енгізген әлем халқының үштен бір бөлігі тұратын ең үлкен елдерде орын алуда.

 5G-ді енгізу ауқымы 3G және 4G технологияларын енгізудің алғашқы кезеңдерінен әлдеқайда жоғары. Жаңа кезеңнің қиыншылығы - мобильді желілердің инженерлік құрылысына көзқарасты өзгертудің қажеттілігі. Айта кететін болсақ, 2G, 3G және 4G желілерінің спектрі шамамен 50 МГц-ті құрайды. 5G дәуірінде спектр 200 МГц-тен асады.

Бұл жүйені кептелуге қарсы мұқият тексеруді, оқшаулау мүмкіндіктерін іздеуді қажет етеді.

Дәстүрлі 1T, 2T және 4T Massive MIMO-дан 32T және 64T-ге көшу антенналардың мөлшері мен салмағына жаңа талаптар қояды. Бұл 5G дәуірінің желісін құру жүйесін өзгерту, құрылыс жұмыстарын жеңілдету және пайдалану шығындарын азайту үшін инновациялық технологияларды қажет ететіндігін білдіреді.

 Біздің серіктес байланыс операторларымызға ұсынатын артықшылығымыз - ол Huawei-мен жұмыс істеу біздің желілерді тезірек және арзанырақ жаңартуға мүмкіндік беретіндігі. Ынтымақтастықтың негізгі бағыттары - зерттеу, талқылау, мобильді желілердің шоғырлану нүктелерінің инфрақұрылымын дамыту мәселелері мен мүмкіндіктерін анықтау, сондай-ақ, трафиктің тығыздығы жоғары қалалық жерлерде, көлік тығыздығы аз қала маңындағы аудандарда, тұрғындардың тығыздығы мен қозғалысы төмен ауылдық жерлерде және ғимарат ішінде желіні құру кезінде бірнеше типтік конфигурациялар бойынша ұсыныстар.

Осы шараның нәтижелері қолданыстағы учаскелердің 5G жабдықтарымен қамтамасыздануын және жаңа 5G учаскелерінің құрылысын жеңілдетеді. Нәтижесінде, 5G желілері жылдам, біркелкі және қажетсіз шығындарсыз орналастырыла алады, бұл компания серіктестері мен байланыс қызметін тұтынушыларға артықшылық береді.

 Huawei байланыс саласында толыққанды көшбасшы ұстанымын орнатты. Huawei жабдықтарын желілерде қолдану операторлар үшін пайдаланушыларға қызмет көрсету сапасын жақсартуға және инвестициядан жоғары табыс алуға мүмкіндік береді.

Еуропадағы және әлемдегі барлық байланыс операторлары ұсынатын желілердің жұмыс сапасын тексеріп, өз бағасын беретін тәуелсіз үшінші тарап агенттіктері,әдетте, Huawei жабдығын қолдана отырып жасалған ұялы желілер сынақтарда ең жақсы нәтижелер көрсететіндігін тілге тиек етеді. Сондықтан Huawei жабдығын қолданатын операторлар өз нарықтарында бәсекеге қабілетті бола алады және көп тұтынушылар мен жоғары кіріс көрсеткіштеріне қол жеткізеді.


Huawei-дің 5G технологиясы саласында 2600-ден астам патенттері бар. Өткен жылы Huawei Apple, Intel және GE-ге қарағанда ғылыми-зерттеу жұмыстарына қомақтырақ қаражат бөліп, әлемдегі бесінші ірі инвестор атанды. Huawei 5G сымсыз технологиясын зерттеуді 10 жыл бұрын бастаған және бүгінгі күнге дейін бұл зерттеуге $2 миллиардтан, соның ішінде өткен жылы $800 миллионнан, астам қаржы салып үлгерген. Осы себепті, Ұлыбританиядағы ең ірі байланыс операторы BT компаниясының сарапшысы Huawei-ді «қазіргі уақыттағы 5G-дің жалғыз шынайы провайдері» деп атады. Компания осы саладағы патенттік өтінімдер бойынша бірінші орында және алдағы бес жыл ішінде Huawei ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерге $100 млрд инвестиция салуды жоспарлауда.

 5G инфрақұрылымдық жабдықтарымен әлемде бірнеше компания ғана жұмыс істейді, бірақ көптеген компаниялар микротолқынды технологиямен айналыспайды.

 Алайда, Huawei - 5G базалық станцияларын ең заманауи микротолқынды технологиясы болып есептелетін Massive MIMO-мен біріктіре алатын мүмкіншілігі бар қазіргі таңдағы әлемдегі жалғыз компания. Бұл мүмкіндіктің арқасында компанияның 5G базалық станциялары тіпті талшықты-оптикалық сымдардан тұратын балйанысты қажет етпейді. Оның орнына, өте кең өткізу қабілеттілігі бар транзитті байланысты қамтамасыз ету үшін ультражылдам микротолқынды қосылысты қолдана алады. Бұл үлкен экономикалық басымдықты беретін сенімді шешім. Бұл технология халқы аз ауылдық елді мекендер үшін өте қолайлы болып табылады.

Massive MIMO - әлемдегі ең жеңіл және ең кішкентай белсенді антенна жүйесі (AAU) болып табылады. Сонымен қатар, ол тіпті дауыл жағдайында да тұрақты жұмыс істеуге жеткілікті қуат көзіне ие. Қолданыстағы қондырғыларға үлкен жүктеме түсетіндігін ескерсек, Huawei-дің 1+1 нұсқасындағы антеннаның жеңілдетілген шешімі қондырғының тазалығын қамтамасыз етуге және операторлардың жалдау құнын азайтуға мүмкіндік береді. Huawei-дің жетекші 5G энергетикалық және микротолқынды шешімдері операторларға 5G желілерін тез, оңай және аз қаражатқа құруға көмектеседі. Сондай-ақ, Huawei жасанды интеллект технологиясын пайдалану арқылы операторларға техникалық қызмет көрсетуін жеңілдетуге және шығындарын азайтуға көмектеседі.

 Huawei 2018-2019 жж. Қазақстан Республикасындағы байланыс саласын реттеуші құзырлы мекемемен және Қазақстан Республикасындағы байланыс операторларымен 2019 жылдың екінші жартысында 5G ұялы байланыс құралдарын пилоттық сынақтан өткізу жұмыстарын атқару бойынша мүмкіндіктерін қарастыру бағытында белсенді жұмыс жүргізуде және 2019 жылдың қыркүйек айында Нұр-Сұлтан қаласында аталмыш бағыттағы алғашқы сәтті сынақ жұмысын атқарып үлгерді.

 Huawei - 5G саласындағы жабдықтардың толық спектрін шығаратын жалғыз өндіруші, оның ішінде:

1.      Сымсыз желі – белсенді антенналардан бастап, 5G жиілігін қолдайтын радио модульдерден тұратын құрылғылардың толық тізбегі (C-Band 3400Ггц -3600Ггц/3600 Ггц-3800Ггц, миллиметрлік толқындар 26.5Ггц -29.5Ггц), 5G платасы бар BBU5900-жаңа буын сандық өңдеу модулі.

2.      New Generation Core (NGC) функционалдығын қолдайтын жаңа буынның негізгі желісі.

3.      Тарату құрылғылары- радиохабарлау тораптары, оптикалық тарату желілері және көлемді деректерді тасымалдау үшін жаңартылған құрылыстан тұратын IP.

4.      CPE 1.0-Абоненттік терминалы (CPE) және CPE Pro; Huawei Mate X- 5G телефоны.

5.      6 ГГц-ге дейінгі жиіліктер мен миллиметрлік диапазондағы қолданысты қамтамасыз ететін Balong5G01 - Huawei чипсеті.

 

5G ғаламдық коммерциялық желілеріндегі сынақ деректері Huawei технологиясы осы саладағы басқа компаниялардан 12-18 ай алда тұрғанын көрсетеді.

 Әлемнің басқа елдерінде 5G технологиясының элементтерін сынау нәтижелері бойынша біз желінің келесі сипаттамаларына қол жеткіземіз деп үміттенеміз:

 1.      5G CPE абоненттік терминалының көмегімен (ең жоғары жылдамдығы секундына 2 Гб-ке дейін және 5G желілері мен LTE желілерінде де жұмыс істей алатын) және қажетті жиілік ресурстарын қолдана отырып, 3GPP стандартты байланыс операторымен бірге теориялық 5G жылдамдықтарына қол жеткізу.

2.      Пилоттық тестілеудің мысалдары сан-алуан:

a.       5G жүйесі негізінде 5G қоңырауы (Испания, Барселона, Vodafone операторымен бірге)

b.      Қосымша шындық көзілдірігі арқылы галографиялық қоңыраулар. (Ресей, Мәскеу, ВымпелКом компаниясымен бірге көрме мұражайында откен шара)

c.       VR дрондары (Корея, Сеул, LG + байланыс операторымен бірге)

d.      Автономды жүргізу (Ресей, Мегафон және КамАЗбен бірге)

e.       Massive MIMO - 5G технологиясы (Қазақстан)


Айта кететін жайт, Massive MIMO сияқты 5G технологиясының кейбір негізгі элементтері Қазақстандағы байланыс операторларының желілерінде бүгүнгі күні сынақтан өтіп, оң нәтижелер алынды.