Конституцияның 25 жылдығына арналған Жалпыұлттық іс-шаралар жоспары баяндалды
Конституцияның 25 жылдығына арналған Жалпыұлттық іс-шаралар жоспары баяндалды
249
оқылды
Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық Кеңестің Төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Қайрат Мәми Мемлекет басшысын жүргізілген конституциялық реформаның қорытындыларын ескере отырып, Негізгі заңның әлеуетін іске асыру жөніндегі шаралар туралы хабардар етті. Сонымен қатар, ол Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына арналған Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын әзірлеу барысы туралы баяндады.