Коронавирус жұқтырған тірі адамды жерлеп тастады
Коронавирус жұқтырған тірі адамды жерлеп тастады
252
оқылды

Кемеровск облысы  Шабаново ауылының тұрғындары коронавирусқа шалдыққан туыстарын жерлеп тастаған. Кейін оларға ер адамның тірі екені хабарланды.  Бұл туралы Кузбасс Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Юлия Брежнева айтты, деп хабарлады РИА Новости.

Оның айтуынша,  болған оқиға бойынша қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр. Қазір вирус жұқтырғандықтан ауруханаға жатқызылған екі пациентке көмек көрсетуді ұйымдастыру бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.

10 қазанда «Вести Кузбасс» телеарнасында дәрігерлер өлімін растаған соң зейнеткерді жерлеген ауыл тұрғындары туралы сюжет шықты. Жерлеу аяқталып, коронавирус жұқтырған адамның табыты жабылған. Алайда бірнеше күннен соң қарттар үйінің директоры хабарласып, бір қария адамның өзін тану үшін шақыртып жатқанын айтты. Сол ер адам олардың атасы болып шыққан. Белгілі болғандай, қарттар үйінен екі адамды ауруханаға жатқызып, біреуін бөтен куәлікпен шығарған екен.