NUR OTAN-да жедел желі жұмыс істейді
NUR OTAN-да  жедел желі жұмыс істейді
316
оқылды

Сыбайлас жемқор­лық­тың қандай да бір көрінісіне тап болған еліміздің кез келген тұрғыны Nur Otan пар­тиясына хабарласа ала­ды. Ол үшін Пар­тиялық ба­қылау коми­те­тінде арнайы 8 800 080 44 41 же­дел желісі іске қосылды.

Елбасы, Nur Otan партия­сы­ның Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес, 2014 жылы кең көлемді қоғамдық талқылаудан кейін 2025 жылға дейінгі Сыбайлас жем­қорлыққа қарсы іс-қимыл пар­­тиялық бағдарламасы қа­был­данып, кейіннен ол Қа­зақ­­стан Республикасының Сы­бай­лас жемқорлыққа қарсы стра­тегиясының негізіне ай­налды. Nur Otan-ның баста­ма­сы­мен «Ақпаратқа қол жет­кізу ту­ралы», «Сыбайлас жем­қор­лық­қа қарсы іс-қимыл туралы», «Қоғамдық кеңестер туралы» және т.б. заңдар қабылданды. Жақында ғана Сыбайлас жем­қорлықты қабылдау ұлттық индексі жарияланды.       

Nur Otan партиясы Сая­си кеңесінің кеңейтілген оты­ры­­сында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Сыбайлас жемқор­лыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес­тің жұмысын күшейтуді, сонымен бірге тұрғындармен өзара іс-қи­мыл әрекет үлгісін жетілдіріп, ты­ғыз байланыс орнатуды тапсырды.

Жедел желі арқылы түскен қо­ңыраулардың барлығы ары қарай мемлекеттік органдардың жұмысындағы сыбайлас жем­қор­лық қауіптеріне талдау жүр­­­гізу және оларды барлық дең­­гей­лерде азайту бойынша шаралар қабылдауға көмектесу үшін тір­келеді.

«Бірде-бір өтініш назардан тыс қалмайды. Әрбір шағым бойынша тез арада жұмыс істе­леді. Сонымен қатар партиялық бақылау қызметі мемлекеттік органдарға нақты ұсыныстар бере алады», – деді Nur Otan партиясы партиялық бақылау қызметінің басшысы Дәурен Бижұманов.

Сall-орталықтың жұмыс уа­­қыты: дүйсенбі мен жұма күн­­дері сағат 8.00-ден 19.00-ге дейін. Жұмыс уақытынан тыс және демалыс күндері қоңы­рау­лар жазылып алынады.