Футболдан Қазақстан құрамасының қақпашысы UEFA Ұлттар лигасындағы үздік қақпашылар қатарына енді.
UEFA-ның ресми сайты Ұлттар лигасының статистикасын жариялады.
Сейв жасаған үздік қақпашылардың бестігіне Қазақстан құрамасының ойыншысы Стас Покатилов та кірді. Ол өз қақпасына бағытталған 12 соққыны қайтарған. Орта есеппен бір кездесуде 4 сейв жасаған. Стас Ұлттар лигасындағы 3 ойында қақпасына тек 2 мәрте гол жіберді.
Сондай-ақ, үздік қақпашылардың рейтингіне Антон Шунин (Ресей, 14 сейв), Доминик Ливакович (Хорватия, 13), Георгий Бущан (Украина, 12) және Кипр Тэтерушану (Румыния, 12) кірді.
Айта кетейік, кеше UEFA Ұлттар лигасында Қазақстан құрамасын өз алаңында Албаниямен кездесті. Ойын 0:0 есебімен тең аяқталды.
Қазақстан құрамасы енді 14 қазанда Беларусьпен сырт алаңда ойнайды.