Қиындыққа тап келсе, көмек бер!
Қиындыққа тап келсе, көмек бер!
228
оқылды
Жедел әрекет ету топтары 2020 жылдың 26 мамырында Қазақстанның барлық айма­ғында ашылды. Олар «Бақытты отбасы» жол картасы аясында «Nur Otan» партиясы жанында­ғы отбасы, әйелдер және бала­лар­дың құқықтарын қорғау жө­­нін­дегі республикалық қо­ғам­дық кеңестің бастама­сымен іске асы­рылды. Осы топ­тардың жұмы­сының арқа­сында зор­лық-зомбылыққа тап болған отбасы­лардың жағдайын жедел анық­тауға және уақытында қажетті көмек көрсетуге мүм­кін­дік туа­ды. Сондай-ақ «111 жедел қыз­метіне» келіп түскен сиг­нал­дарға жедел жауап беру үшін құрылды. – Қалада жалпы 8 негізгі жедел әрекет ету топтары мен 102 кіші топтары құрылып, қа­зіргі кезде жұмыс істеуде. Олар­дың құрамына әлеуметтік қыз­меткерлер, кәмелетке толма­ғандардың ісі жөніндегі инс­пек­­торлар, учаскелік полиция қыз­мет­керлері, патронаттық мейір­би­келер, мұғалімдер, пси­хо­­логтер, еріктілер, әлеуметтік белсенділер кіреді, – дейді «Nur Otan» партиясы Алматы қала­лық филиалы төраға­сының орын­басары Қайрат Бисембаев. Кездесу соңында пікір ал­ма­сып, туындаған барлық мә­се­лелер бойынша қатысу­шы­ларға түсініктеме берілді.  

Әбілмансұр ЖАСАН