Олардың да жұмыс істеуге құқы бар
Олардың да жұмыс істеуге құқы бар
297
оқылды
Бұл – қиындықтарға, түрлі кеде­р­гіге қарамастан, табан­ды­лық пен қайсарлықтың үлгісін көрсетіп жүрген адамдарға құрмет пен алғыс сезімін білдіретін күн. Осы күні «Әлеуметтік кәсіпкерлікке қосқан үлесі үшін» номинациясына Василий Шиманский ие болды. Ол  – «Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған көкшетаулық «ШАНС»  оңалту орталығы» қоғам­дық бірлестігінің төрағасы, Ақмола облысы әкімінің мүмкіндігі шек­теулі жандар мәселелері бойынша кеңесшісі, үлкен жүректі азамат.  Василий Леонидович  мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселесін бес саусағындай жақсы біледі. «Шанс» орталығы негізінде «Инватакси» жобасын да жүзеге асырып келеді. Оларға жұмыс тауып береді. Ол «қа­зір кез келген мүмкіндігі шектеулі азамат қосымша жұмыс таба алады, ортаға бейімделе алады, пікірлесе алады» деп есептейді.  

Әбілмансұр ЖАСАН