Үш мың адам ағаш екті
Үш мың адам ағаш екті
227
оқылды

Қарағанды облысында бір күн­де 6 500 ағаш отырғы­зыл­ды. Үш мың тұрғын ағаш егу акциясына қатысты.

Қарағандыда салынып жат­қан триатлон-парк аумағына 1 500 қылқан жапырақты және жа­пы­рақты ағаштар отырғызылды. Олар­ды егуге облыс әкімі, оның орын­басарлары, облыстық басқарма бас­шылары, спортшылар, қоғамдық ұйым­дар, депутаттар қатысты. Триат­­лон-парк «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша «Көгілдір тоғандар» мен Оңтүстік-Шығыс шағынаудандарының аралығында салынуда. Бұл нысан жеке құрылыс компаниясының қалаға ұсынған сыйы. Жоба жетекшілері «Триатлон паркін бірге құрамыз» акциясын жариялады. Мұнда кез келген адам ағаш отырғыза алады. Аумақты көгалдандыру үшін қарағай, қайың, жөке, шаған ағаштары таңдалды.

Триатлон паркінің құрылысы жал­­ғасуда. Алдағы уақытта бас­кетбол, теннис, шахмат және басқа да спорт түрлері бойынша жаңа спорт алаңдарын жабдықтау жоспарлануда. Болашақта мұнда триатлоннан әлемдік деңгейдегі жарыстар өт­кі­зу жоспарланған. Нысан тапсырыл­ған­нан кейін Мәдениет, демалыс саябақтары және гүлзарлар басқарма­сының балансына беріледі. Мұнда футбол, тренажер және street workout алаңдары жабдықталған. Көлдің айналасында жүгіруге жағдай жасал­ған, велосипед жолдары салынды.

– Акцияның мақсаты – өңірді көгалдандыру ғана емес, сонымен қатар тұрғындардың табиғатқа қам­қорлығын арттыру. Біз әрбір ағашты, әрбір бұтаны бағалауымыз керек. Экологиялық сенбілікке үш мыңға жуық адам қатысты, – деді Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және таби­ғатты пайдалануды реттеу бас­қар­масының басшысы Руслан Төлепбаев.

Бұл акция Қарағанды саябақтары мен гүлзарларында, облыстың басқа қалалары мен аудандарында да өтті.

 

Ләззат ҚОЖАХМЕТОВА,
Қарағанды облысы