Оқушының өлімі: Сырткиімі мен телефоны шұңқырдың жанынан табылған
Оқушының өлімі: Сырткиімі мен телефоны шұңқырдың жанынан табылған
192
оқылды

Солтүстік Қазақстан облысының Булаево қаласында шұңқырдан жоғарғы сынып оқушысының мәйіті табылды.

Полиция департаментінің мәліметінше, қыздың денесінен зорлық белгілері байқалмаған. Оның сырткиімі, ұялы телефоны шұңқырдың қасынан табылған.

17 жастағы оқушы қыз 13 қазан күні кешкісін сағат 22:00-дер шамасында үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған. Туыстары М.Жұмабаев ауданының полиция бөліміне хабарласқан. Оқушының денесі келесі күні іздестіру шаралары кезінде табылды.

«Қыздың денесін тексеру кезінде қылмыс ізі байқалмады. Бұл оқиға сотқа дейінгі тергеу реестрінің тізіліміне енгізіліп, бірқатар сараптама тағайындалды. Қыздың отбасы да жайсыз отбасылардың қатарынан емес» делінген полицияның хабарламасында.