Жаңаөзен: Баспанаға мұқтаждарға жер жоқ, Ақтауға көшіреді
Жаңаөзен: Баспанаға мұқтаждарға жер жоқ, Ақтауға көшіреді
359
оқылды

Жаңаөзенде жер тапшылығына байланысты үй кезегінде тұрған тұрмысы төмен отбасылар Ақтауға көшеді.

Тұрғындарды көшіру үшін республикалық бюджеттен және «Өзенмұнайгаз» АҚ-тан 1 миллиард теңге қаржы бөлінеді.

Қала басшысы Мақсат Ибағаровтың айтуынша, шамадан тыс қоныстану мәселесін шешудің басқа жолы жоқ. Өйткені, Жаңаөзенде үй салуға арналған жер қалмаған. Сол себепті, Кендірлі аймағында елдімекен құру жоспарда бар. 

Жаңаөзенде жылына 3700-ге жуық бала дүниеге келеді. Моноқаладағы халық саны көптігінен жеке тұрғын үй құрылысына арналған жаңа жерді бөліп беруге жер қалмаған.