Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара сауда көлемі былтыр 18,5 млрд АҚШ долларын құрады, бұл алдыңғы жылға қарағанда 13,1 пайызға жоғары.
Бұл жөнінде екі ел арасындағы ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның 21-ші отырысында айтылды.
Ал осы жылдың 8 айының қорытындысы бойынша елдер арасындағы өзара сауда көлемі 0,8 пайызға көбейіп, 12,2 млрд долларға жеткен.
Қазақстанның сыртқы сауда айналымындағы Ресейдің үлесі 19,5 пайызды құрайды.