Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов заңнамалық тұрғыда электронды сигареттерді темекілерге теңестіруді көздеп отыр. Министр бұл жөнінде елордада өткен Онкологиядағы Дүниежүзілік көшбасшылар саммитінде айтты.
«Мәселені құқықтық база аясында шешу үшін заңнамаға бірқатар өзгеріс енгізуді жоспарлап отырмыз. Яғни, электронды сигареттерді, вейпингтерді дәстүрлі темекілерге теңестіру керек. Бізде дәстүрлі темекіге деген талап қатал. Мейрамханада, қоғамдық орындарда темекі шегуге болмайды. Алайда бұл жерде мәселе заңнамалық түрде реттелмеген жаңа өнімдерде болып тұр. Күні ертең мен Парламентте заңнамаға енгізілетін жаңа өзгерістерді таныстырамын. Ол бойынша жоғарыда аталған өнімдер қатаң реттелетін болады»,– деді Елжан Біртанов.
Айта кетейік, елордада Онкологиядағы Дүниежүзілік көшбасшылар саммиті өтті. Форум жұмысына Халықаралық обырға қарсы одақ (UICC) президенті, жоғары мәртебелі ханшайым Дина Майред, Қазақстан Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қатты.