«Екі есе бағаға сатып жатыр» – депутат көмір саудасы туралы айтты
«Екі есе бағаға сатып жатыр» – депутат көмір саудасы туралы айтты
275
оқылды

Мәжіліс депутаты Павел Казанцев үкімет тарапынан істеліп жатқан жұмысқа қарамастан, тұрғындарға арзан көмір жетпей жатқанын мәлімдеді,–деп хабарлайды Tengrinews.kz.

– Шахтада тоннасы 3,5-5 мың теңге тұратын көмір не себепті тұтынушыға жеткенде тоннасы 14-22 мың теңгеден сатылады? Бізде жер қойнауын пайдаланушылардан қарапайым тұтынушыларға жеткенге дейін көмірмен қамтамасыз ету схемасында делдал есепсіз көп. Көмір өндіруші компаниялар мен көмірді көтерме жеткізушілер арасында бағаға қатысты келісім бар. Мұның бәрі көмірдің қымбаттауына себеп болып отыр,– деді депутат Ұлттық экономика министрі Руслан Даленовке жолдаған сауалында.

П.Казанцевтің айтуынша, соңғы екі жыл ішінде Қазақстанда 49 көмір жеткізуші мен бір көмір өндіруші компанияға 338 миллион теңгеге айыппұл салынған. Үкмет тарапынан барлық жағдай жасалған, бірақ көмірдің бағасы делдалдық құрылымдардың, оның ішінде тауар биржасының әсерінен қалыптасып отыр.

Депутат биржаға қатысушылар арасындағы бәсекелестікке қарсы келісімдерді алып тастау және жеткізушілер мен делдалдардың баға келісуіне қарсы тетіктерді қамтамасыз ету үшін биржалық сауда ережелерін қайта қарауды сұрады.