«Қорғас» кеден бекетінде қаракүзеннің терісінен тігілген ішіктердің үлкен партиясы ұсталды, - деп хабарлайды халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығының баспасөз қызметі.
«16 қазанда кедендік бақылау жүргізу кезінде Қытайдан Қазақстанға кіре берісте декларацияланбаған аң терілері тәркіленді. Олар аң терісінен тігілген бағалы тондар болды. Барлығы 50 өнім, жалпы салмағы – 89 келі»,–деді баспасөз қызметі.
Алдын ала болжам бойынша, былғары тондардың кедендік құны 10 миллионнан астам теңгені құраған.https://youtu.be/eE9arYfLyTM
«Қазіргі уақытта тауар уақытша сақтау қоймасына салынды. Істің мән-жайы нақтыланып жатыр. Осыдан кейін іске қатысы бар адамдар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылады», - деп хабарлады «Қорғас» ХШЫО.