Тендерге таласып, қорымдарды қараусыз қалдырған
Тендерге таласып, қорымдарды қараусыз қалдырған
5,360
оқылды

Жергілікті «Отырар» телеарнасының хабарлауынша, биыл жыл соңына дейін Шымкентте 44 қорымды күтіп ұстайтын мекеме табылмай отыр.

Мемлекеттік сатып алу конкурсының нәтижесіне келісе алмаған бірнеше серіктестік жарты жыл бойы соттасқан. Осы уақытта мазарларда қоқыс үйіліп, ағаштар қурап қалған. Шілдеде тендердің жеңімпазы анықталып, «Көмек Болат» ЖШС-ы мазарларды тазалауға кіріскен. Бірақ, шырақшылар тазалау жұмыстары әлі күнге дейін жүйелі жүргізілмейтініне қынжылады.

Бұл жұмысқа жыл басында бөлінген 63 млн теңгені игеруге кіріскен мердігерлер екі ай ғана жұмыс істеген. Қаралған қаржының 16 млн теңгесін енді ғана игерген серіктестіктің жұмысын мемлекеттік ішкі аудит департаменті тоқтатып тастаған. Мәселе тендерге таласқандардың кесірінен туындаған.