Елбасының жүрегі минутына неше рет соғады?
Елбасының жүрегі минутына неше рет соғады?
341
оқылды

Әлеуметтік желіде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың денсаулығы, салауатты өмір салтын қалай ұстанатыны туралы ақпарат тарады.

Тіпті, күніне қанша сағат жаяу жүретіні, жүрек қағысына дейінгі мәліметтер жарияланды. Бұл көрсеткіштер Елбасының Әзербайжанға сапары кезінде жарияланған.

Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Нұрсұлтан Назарбаевтың фитнес құрылғысындағы көрсеткіштерді жариялады.

Ол Twitter-дегі парақшасында: «Нұрсұлтан Назарбаев үшін салауатты өмір салтын ұстану үнемі басты назарда. Әзербайжанға сапары барысында уақыттың тығыз болуына қарамастан, Елбасы серуендеп үлгерді. Ол Каспий жағалауында шамамен төрт жарым шақырым жаяу жүріп өтті», – деп жазды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қашықтықты 1 сағат 16 минут ішінде жүріп өткен. Тыныштықтағы жүрек қағысы – минутына 71 рет, қозғалыс кезінде минутына 82 рет соғады.