Сирияда 14 қазақстандық лаңкестікті насихаттаған
Сирияда 14 қазақстандық лаңкестікті насихаттаған
492
оқылды

Сирияда 14 қазақстандық лаңкестік әрекетке қатысып, әрекетке тартып және өзге де ауыр қылмыстар жасады деп айыпталды.

Ұлттық қауіпсіздік Комитеті таратқан ақпарға сәйкес Сирияда ДАИШ* (ҚР аумағында тыйым салынған лаңкестік ұйым) жасағында болған 14 азаматқа қатысты  қылмыстық істі тергеу аяқталды.
"Оларға террористік әрекетке қатысты, әрекетке тартты және терроризмді насихаттады, сондай-ақ өзге де ауыр қылмыстар жасады деген айып тағылды.Қылмыстық іс материалдары Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер бойынша сотына берілді", - деп хабарлайды ҰҚК.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті өзге мемлекеттік органдармен және шетел серіктестерімен бірлесіп, «Жусан» операциясы шеңберінде Сириядан 595 Қазақстан азаматын қайтарды, оның арасында төрт жүзден астамы балалар.

Қайтарылған адамдардың ішінде 10 ер адам мен 5 әйел Қазақстанда тыйым салынған ДАИШ* халықаралық лаңкестік ұйымының әрекетіне қатысу фактісі бойынша әртүрлі мерзімдерге бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды ҰҚК.