«Көп балалылар шаршаттыңдар, таксимен жүрмейсіңдер ме!»: Нұр-Сұлтанда автобустағы шу видеоға түсіп қалды
«Көп балалылар шаршаттыңдар, таксимен жүрмейсіңдер ме!»: Нұр-Сұлтанда автобустағы шу видеоға түсіп қалды
218
оқылды

Әлеуметтік желілерде елордалық қоғамдық көлікте болған жанжалдың видеосы пайда болды. Аталған бейнеүзікті Caravan.kz. жариялады.

Қоғамдық көліктегі оқиға туралы zhaloby_astana тобына куәгерлер хабарлаған.
«Жүкті әйел, қолында жетектеген баласымен автобусқа отырды, бір жерге келгенде жүргізушіден тоқтауын өтінді. Автобус тоқтады, олар түсіп қалды, бірақ соңынан кондуктор оны сөгіп, ашу-ызасын үйіп төкті. «Көп балалылардан шаршадым, үнемі балалары қосақталып бірге жүреді, неге такимен жүрмейді екен!», деп бұрқылдап, тоқтамай сөйледі»,– деп сипаттаған куәгер оқиғаны.
Кондуктордың ашулы әрекетін желі қолданушылар да терістеп, талқылап жатыр.
     

https://youtu.be/tDb-6Xij7A8

Кондуктордың ашулы әрекетін желі қолданушылар да терістеп, талқылап жатыр.

«Қазір автобустарда балалы әйелдерге орын бермейді. Шынында да таксимен жүру керек шығар», дейді видеоға пікір қалдырушының бірі.

«Бейбіт күнде бір-бірімізді жеп жатырмыз, көмек беру жоқ», дейді енді бірі.