Бірер күн бұрын БАҚ осыдан 24 жыл бұрын экстракорпоралды ұрықтандыру арқылы дүниеге келген тұңғыш қазақстандық ана атанғанын хабарлаған. Сонымен қатар, аталған ақпаратта дәрігер Людмила Бадельбаева сәбидің анасына да 1996 жылы ЭКО процедурасын Репродуктивті медицина институтында жасағанын айтты делінген. Алайда, бұл ақпарат негізсіз дейді мамандар. Әйгілі эмбриолог-репродуктолог Салтанат Байқошқарова Нұр-Сұлтан қаласында арнайы баспасөз мәслихатын өткізіп, әңгіменің анық-қанығын баяндады.
– Кешегі күн біз үшін өте қызық күн болды. Елордаға келіп, кабинетте өзіміздің күнделікті жұмысымызбен айналысып отырғанбыз. Маған sms-хабарламалар келе бастады. Менің таныстарым, әріптестерім, пациенттерім жазып жатыр. Басында түк ұққам жоқ, не болып жатыр деп. Бір уақытта «шыны түтік арқылы дүниеге келген тұңғыш қазақстандық ана атанды, өзі босанды» дегенді оқыдым,–дейді Салтанат Байқошқарова.
Эмбриолог дәрігердің айтуынша, ақпарат Алматының гинеколог мамандары отыратын чаттарға да тарап, мамандарды дүр сілкіндірген.
–Мен таң қалдым. Біздің көмегімізбен брінші дүниеге келген сәби шынында да қыз бала. Бірақ ол тұрмыс құрмаған. Сол себепті ол қыздың анасы да ренішін білдіріп жатыр. Туыстары да осы ақпаратты оларға жіберіп жатыр екен. Бұл мені де ыңғайсыз жағдайға қалдырды, – дейді маман.
Салтанат Байқошқарова журналистерге жеткізген хабардың егжей-тегжейін сәлден кейін толығырақ сайтымзға жариялаймыз.