Вонд­рачекпен кездесті
Вонд­рачекпен кездесті
214
оқылды

Қазақстан мен Чехия депу­таттары өзара ынты­мақтас­тықты өрістетуге ниетті. Мә­жіліс төрағасы Нұрлан Нығма­тулин Қазақстанға ресми са­пармен келген Чехия парла­ментінің Депутаттар пала­та­сының спикері Радек Вонд­ра­чекпен кездесті.

Чехия Орталық және Шығыс Еуропа елдері арасындағы Қазақ­станның негізгі саяси және эконо­микалық серіктестерінің бірі екеніне тоқталған Нұрлан Зайроллаұлы Қа­зақстан басшылығы бұл елмен қарым-қатынасты тереңдетуге ерекше мән беретінін атап өтті. Оның пі­кірінше, өзара қарым-қатынастарды дамытуда денсаулық сақтау, машина жасау, агроөнеркәсіптік технологиялар, «жасыл» энергетика сияқты әртүрлі салалардың әлеуеті зор.

Н.Нығматулин қазақстандық депутаттар чех әріптестерімен диалогті нығайтуға мүдделі екенін жеткізді. Ол палата коми­тет­тері мен ынтымақ­тастық топтарының бірлескен жұ­мысы бі­рінші кезекте әлеуметтік саясат, білім беру, инновациялық да­му және экономиканы цифрландыру салаларында заңна­малық тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретініне назар аудартты.

Өз кезегінде Радек Вондрачек Қа­зақстан мен Чехия ара­сындағы бай­ланыстың деңгейін жоғары бағалады.

Кездесу соңында Мәжіліс төрағасы өз әріптесін 28 қазанда атап өтілетін Чехияның «Мемлекеттілік күнімен» құттықтап, достас елдің гүлденуі мен өркендеуіне тілектестік білдірді.