Әйеліне опасыздық жасаған әлем чемпионы құрамадан қуылды
Әйеліне опасыздық жасаған әлем чемпионы құрамадан қуылды
5,227
оқылды

Жүзуден төрт дүркін әлем чемпионы Дайя Сэто әйелінің көзіне шөп салғаны үшін Жапония құрамасынан қуылды, - деп жазады Eurosport.

23 қыркүйекте  Shukan Shincho атты жапон журналы оқырмандарына Сэто қонақүйге барғанын хабарлады. Сөйтіп, ол әйелінің көзіне шөп салған. Келесі күні Сэто жарияланған ақпаратты растап, кешірім сұрады.

"Менің ойланбай жасаған ісім менің отбасыма зиянын тигізді, жанкүйерлерімді, қолдаушыларымды және басқа да адамдарды толқытты.  Жасаған ісіме қатты өкінемін, отбасыммен ары қарай не істеу керектігін толқылағым келеді, –деді жүзуден әлем чемпионы.

Осы оқиған кейін Жапония жүзу федерациясы "спорттық тәртіп стандарттарын" бұзғаны үшін Сэтоны құрамадан жыл соңына дейін шеттетуге шешім қабылдады, деп хабарлады Reuters.