Сұлтан Қамалетдинов Назарбаев атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің басшысы болып тағайындалды.
«Мемлекет басшысының Өкімімен Сұлтан Бүркітбайұлы Қамалетдинов Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы қызметіне тағайындалды», - деп хабарлайды Ақорда.
Бұған дейін Назарбаев атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің басшысы экс қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов болған еді. Тамызда мемлекет басшысы Арыстағы жарылыстан кейін оны қызметінен шеттетті.
Сұлтан Қамалетдинов 1965 жылы Астрахань облысында дүниеге келген. 1986 жылы Ташкенттегі жоғары танк командалық училищесін аяқтаған. Әр жылдары танк батальоны, танк полкі, механикаландырылған бригада командирі қызметін атқарды. 2006-2008 жылдары «Восток» өңірлік қолбасшылығы әскерлері Басқармасы штабы басшысының орынбасары болды. 2010 жылы Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшылығы Басқарамасы штабының басшысы болып тағайындалса, 2013-2016 жылдары «Астана» өңірлік қолбасшылығының әскерлеріне басшылық етті.