Атырау облысында оқушыларға берілген планшеттерден ақау табылды
Атырау облысында оқушыларға берілген планшеттерден ақау табылды
327
оқылды
Атырау облысында оқушыларға берілген планшеттерден ақау табылды. «Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қоғамдық бақылауы Атырау қаласы мен аудандарға бөлінген планшеттердің техникалық сапасы мен таратылуына мониторинг жүргізді.
«Мониторинг кезінде жаңа планшеттердің кейбірі жарамсыз болып шықты. Атап айтқанда, мектептерге таратылған 1999 планшеттің 166-сынан ақау табылды. Мәселен, Жылыой ауданында 400 планшеттің 44-і, Индер ауданында 240 планшеттің төртеуі, Исатайда 240 планшеттің 29-ы, Құрманғазы ауданында 400 планшеттің үшеуі, Қызылқоғада 240 планшеттің 27-сі, Мақатта 206 планшеттің 20-сы, Махамбет ауданында 273 планшеттің 39-ы пайдалануға жарамсыз екені анықталды. Бюджет қаражатына сатып алынған планшеттердің келісімшартқа сәйкес, бір жылдық кепілдік мерзімі бар. Соған байланысты оларды жаңасына ауыстырып беру жалғасуда», - деп хабарлады облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің баспасөз қызметінен.