Жаңаөзен қалалық сотының судьясы пара алып, сотталды
Жаңаөзен қалалық сотының судьясы пара алып, сотталды
303
оқылды

Жаңаөзен қалалық сотының судьясы мен Жаңаөзен әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының бас маманына сот үкім кесті.

Маңғыстау облысы сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметі Жаңаөзен қалалық сотының судьясы болған А.С.Сейілханова және Жаңаөзен әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының бас маманы болған А.Е.Ақназаровқа қатысты сыбайлас жемқорлық бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын аяқтады.

«Сейілханова Ақназаров арқылы азаматтардан Жаңаөзен жер қатынастары бөлімінің сотқа берген арызын қараусыз қалдыру туралы шешім шығару үшін 500 мың теңге көлемінде пара алған. Аталған факті жемқорлыққа қарсы қызмет пен Жоғарғы Соттың ішкі қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу департаментімен бірлесіп анықталды. 17 қазанда Ақтау қалалық сотының шешімімен Сейілханова сотталып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Сол айыппен Ақназаров та сотталып, бір жылға бас бостандығынан айырылды», - деп хабарлады ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметтен шеттетілді.