Жексенбіде ауа райы қандай болады?
Жексенбіде ауа райы қандай болады?
© Сурет ғаламтордан
642
оқылды

Синоптиктердің болжауынша, Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады.

Республика бойынша көбінесе қар түрінде жауын-шашын жауады, оңтүстік және шығыстың кей жерлерінде қатты жауын-шашын болады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын мен желдің күшеюі сақталады. 

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында бұрқасын, кей жерлерде тұман, көктайғақ болады, жел 15-20, 23-28 м/с жылдамдықпен соғады.

Алматы, Түркістан, Маңғыстау, Атырау, облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с дейін күшейеді. 

Түркістан, Атырау облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болады.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады, түнде кей жерлерде жел 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде 23 м/с дейін күшейеді. 

Батыс Қазақстан, Қарағанды ​​облыстарының кей жерлерінде тұман, бұрқасын, көктайғақ, жел 15-20, кей жерлерде 25 м/с жетеді.

Жамбыл, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады, жел 15-20 м/с күшейеді, Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. 

Шығыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ, 15-20 м/с жел күтіледі, Ақтөбе облысының кей жерлерінде жел 25 м/с дейін күшейеді.