Қарттар қараусыз қалған жоқ
Қарттар қараусыз қалған жоқ
326
оқылды
Алматыда «Nur Otan» партиясы мүшелері Қарттар айлығы мен «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында қайырымдылық көмек көрсетуді жалғастыруда. «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы баспасөз қызметінің хабарлауынша, мегаполистегі партияның барлық аудандық филиалдарында қарт адамдарға құрмет көрсету дәстүрі жалғасын тауып келеді. Өткізілетін іс-шаралар ең алдымен қариялардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуға және олардың денсаулығын сақтауға бағытталған. Наурызбай ауданында нұротандықтар аз қамтылған зейнеткерлерге көмір жеткізіп беруде. Жалпы алғанда 90 тонна көмір жеткізіп беру көзделіп отыр. Ал Жетісу ауданында қалалық мәслихат депутаттарының бірі зейнеткер тұрғынның өтінішіне жауап беріп, үйге газ жылыту жүйесін жүргізеді. Сонымен қатар, қаланың 8 ауданында айлық аясында партиялықтар ата-әжелерге азық-түлік себеттерін табыстап, үйлеріне барып қайтуда. Лидия Максимовнаның айтуынша, қазір зейнеткерлер өздерін жалғыз сезінеді.
«Балаларымыз жан-жаққа кетіп қалған, ал немерелер болса сирек келеді. Бізге осылай келіп, қалімізді сұраған кезде біз өте қуанамыз. Мен тек көмекті ғана айтып тұрғаным жоқ, қарапайым әңгімелесіп, басқа да адамдармен жүздескім келеді. Жылдар өте келе киіну мен серуендеу қиындап барады. Тек терезеден ғана қарап жүреміз», – дейді зейнеткер өзінің күнделікті өмірі туралы.
Өз кезегінде, «Jas Otan» жастар қанатының мүшелері тұрақты негізде жалғыз басты зейнеткерлердің үйлерінде тазалау жұмыстарын жүргізеді. Жалпы, нұротандықтар «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында 500 зейнеткерді қамтуды жоспарлауда. Ардагерлердің басым бөлігі қала бойынша Әуезов, Бостандық, Алатау және Алмалы аудандарында тұрады.