Қазақстанда мем.қызмет Комитеті құрылды
Қазақстанда мем.қызмет Комитеті құрылды
357
оқылды

Үкіметтің 15 қазандағы Жарлығымен цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өндірісі Министрлігінде мемлекеттік қызмет Комитеті құрылды.

Жарлықпен мемлекеттік қызмет Комитеті құрылып, мемлекеттік басқаруды дамытуға қатысты Үкіметтің өзге де жарлықтарына өзгерістер енгізілді.

Бұдан өзге аталған жарлық арқылы министрлікке қосымша қызметтер қосылды: «электронды үкімет» ақпараттандыру нысандары интеграциясының ережелерін жасақтау, «электронды үкіметтің» сыртқы шлюздерінің қызмет ету ережелері мен техникалық талаптарын жасақтау және т.б.

Бұған дейін Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин деректер базасын жаңартуда мемлекеттік органдардың қызметін сынға алған еді. Оның сөзінше цифрландыруға тек цифрлық даму министрлігі ғана емес, барша министрлік жауапты.