Мәселелер партиялық бақылауға алынды
Мәселелер партиялық бақылауға алынды
206
оқылды
Әбілқайыр Сқақовтың қабылдауына жазылғандардың арасында Александр Мякота да болды. Ол – «ЦАРиК» орта­лығының базасында мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалтуға көмектесіп жүрген қайырымды жан.  Абилитация, оңал­ту және түзету орталығының басшы­сы неврологиялық ауытқулары бар адам­дарды оңалтуға арналған тре­нажерлер кешенін өзі әзірлеген.
 – Бұл кешендегі құрылғылар Еу­ро­пада жасалған тренажерлерді ал­мас­тыра алады және күн сайын 40-50 адам­ға оңалту жаттығуларын жа­сауға мүмкіндік береді. Біз оны өз орта­лығымызда қолданып жатырмыз, мұнда Қазақстанның әр аймағынан келушілер көп. Басқа өңірлердегі көптеген ата-анадан осы құрылғыларға сұраныс артып, олар жергілікті денсаулық сақтау мекемелерінен дәл осы кешендерді сатып алуды сұрап отыр. Осыған бай­ланысты біз өзіміздің жаттығу құ­рылғыларымыз арқылы мемлекеттік оңал­ту орталықтарында мүмкіндігі шек­теулі жандарға қызмет көрсетуге да­йынбыз, – деді Александр Мякота.
«Nur Otan» облыстық филиалының басшысы ұсынылып отырған бұл әдіс­теме мен жабдықтар тиімді болған жағдайда ғана мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орнатуға болатынын айтты. Әбілқайыр Сқақов бір ай ішінде барлық мүмкіндік қарастырылып, аталған мәселе партия тарапынан бақылауға алынатынын жет­кізді.
– Егер олар ерекше қажеттіліктері бар балаларға көмектесіп жатқан болса, біз мұндай рационализаторлық шешімдерді міндетті түрде қолдайтын боламыз, – деп түйіндеді сөзін «Nur Otan» партиясы Пав­лодар облыстық филиалының тө­ра­ғасы. Сондай-ақ қабылдау кезінде Әбілқайыр Сқақов Павлодар, Екі­бастұз қалаларының және Павлодар ауданы­ның тұрғындарымен тілдесті. Ол­ар­­дың сұрақтары медициналық тек­­­се­ру­ге, қашықтан оқу үшін ноутбук же­тіспеушілігі және үйлері өртенгендерге тұр­ғын үй бөлуге қатысты болды. Барлық мәселе партиялық бақылауға алынды.
 

Әбілмансұр ЖАСАН