Үндістанның Махараштра штатындағы Сатпати балықшылар ауылының тұрғыны Нитин Патил ұзындығы 15 сантиметр акуланы аулады. Жыртқыштың бір ерекшелігі – оның екі басы бар. Бұл туралы Hindustan Times басылымы жазды. Балықшы акуланы суретке түсіріп, оны қайта теңізге жіберген. Дәл осындай екі басты ұзын мұрынды акула 1964 жылы Гуджаратта ауланған екен.