Қазақстан АҚШ-қа жеткізілімді 50 тауар бойынша 800 млн доллардан астам қаржыға арттыруды көздейді,– деп хабарлайды Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі.
«Дүниежүзілік банк тобы директорла кеңесі және ХВҚ-ның жыл сайынғы отырысында Бақыт Сұлтанов АҚШ Сауда-саттық хатшысы Вилбур Росспен екіжақты кездесу өткізді. Министр АҚШ тауарларына қазақстандық тауарлардың экспортын 50 тауар түрі бойынша 802,1 млн доллардан асыру арқылы өзара сауданың оң динамикасын нығайтуды ұсынды», – делінген хабарламада.
Ведомствоның хабарлауынша, кездесу барысында тараптар ішкі және сыртқы сауда, тауарлар мен қызметтердің экспорты, коммерциялық және инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады.
Министрліктің мәліметінше, 2019 жылдың сегіз айында Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы тауар айналымы 1,4 миллиард долларды құрады.