Каратэден турнир өтіп жатқан кезде жаппай төбелес болды
Каратэден турнир өтіп жатқан кезде жаппай төбелес болды
305
оқылды

Қызбалыққа салынған жігіттерді полиция қызметкерлері әзер ажыратқан, төреші мен бапкерлер жұмыстан қуылды.

Өзбекстанның астанасында каратэден турнир өтіп жатқанда төрешілер мен бапкерлер арасында жаппай төбелес болды,– деп хабарлады Sputnik Өзбекстан.

Оқиғаның видеосы youtube арнасында жарияланды.

https://youtu.be/1uUbYlhRHJ0

Ақпарат көзінің мәліметінше, оқиға 16 қазанда болған, жанжал шығарғандарды құқық қорғау органдарының қызметкерлері ажыратты.

Өзбекстанның дене шынықтыру және спорт министрлігінің хабарлауынша, төбелестен кейін дереу тексеріс жүргізілген. Байланысып қалған  төреші мен бапкерлер қызметінен босатылды.

«Төбелес салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ, дегенмен тәртіптік шаралар қолданылды», – делінген хабарламада.

Нәтижесінде Өзбекстан каратэ федерациясының төрешісі Буриев екі жылға шеттетілді, «Каратэден чемпион» спорт клубының бапкері Юсупов та осындай жазаға тартылды,- деп хабарлайды ақпарат құралы.