20 қазанда белгісіз біреу Қарағандыдағы дүкендердің бірінде қару қолданып, 298,119 теңге ақшаны тартып алып кетті,– деп хабарлайды Zakon.kz.
Қарағанды облысының полиция департаменті растағандай, қарақшылық оқиғасы қаладағы Волна дүкенінде болған.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы 2-бөлігі, 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді.
https://youtu.be/LuFYbUI_8G0
Полиция қызметкерлерінің айтуынша оқиға болған Волна дүкеніндегі бейне бақылау камераларынан үзінді алып, облыстың ішкі істер органдарының жеке құрамына тапсырыс берілді.
Жедел іс-шараларын жүргізу барысында күдіктінің жеке басы анықталды. Ол 27 жастағы Қарағанды қаласының тұрғыны екені белгілі болды. Қазіргі уақытта күдіктіні анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.