Қалалықтар «Nur Otan» партиясына жүгінді
Қалалықтар «Nur Otan» партиясына жүгінді
272
оқылды
Алматы қаласы Әуезов ауданы Лодыгин көшесінің тұрғындары «Nur Otan» партиясының қалалық филиалына жазбаша шағыммен жүгінді. Оған жол төсемі мен тротуарларды ауыстыру жұмыстарына байланысты қолайсыздықтар, атап айтқанда, зағип және нашар көретін балаларға арналған №4 мектеп-интернатына қарама-қарсы пайда болған алдыңғы асфальт жамылғысының биік үйінділері себеп болды.
«Ұзақ жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Мұнда зағип және нашар көретін балалар оқиды, барлығына жүру өте қиын», – дейді аудан тұрғыны Руслан Иванов.
Жөндеу жұмыстары эпицентрінің орнына шығып, «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы Партиялық бақылау комиссиясының инспекторы Ержан Жұмағұлов пен мониторинг тобының қатысушылары бірқатар маңызды ескертулерді анықтады. Мысалы, жол төсемін фрезерлегеннен кейін жол учаскесі дер кезінде ретке келтірілмеді, ал қалған артық топырақ пен асфальт кесектері мамандандырылған мекеменің жанында екі аптадан астам уақыт жатты.
«Сигналдық ленталардың болмауынан жаяу жүргіншілер әртүрлі дәрежедегі жарақат алуы мүмкін екенін сіз түсінесіз бе?», – деді Е.Жұмағұлов учаске бастығына.
Өз кезегінде Қалалық мобильділік басқармасы көше жол желісін дамыту бөлімінің басшысы Нұрзат Ордабаев журналистерге жөндеу жұмыстары барысында мердігердің жіберген заң бұзушылықтарын растады. Ұзындығы 750 метр Лодыгин көшесіндегі жол жөндеу жұмыстары Щепкин көшесінен Пятницкий көшесіне дейін созылған. Техникалық кеңестің қорытындысы бойынша барлық анықталған ескертулерді жою және жұмыстарды осы айдың соңына дейін аяқтау туралы шешім қабылданды.