700 тонна азық келді

700 тонна азық келді

Елордада Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Бас қаланың тұрғындарына 100-ден астам ауылшаруашылық тауары сатылды.

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың айтуынша, жәрмеңкедегі азық-түлік бағасы нарықтан 20-25 пайызға арзан бағада сатылған.

– Бас қаладағы жәрмеңкеге 700 тоннадан астам өнім жеткізілді. Экологиялық таза өнім болғандықтан, халық кезек­ке тұрып алып жатыр. Басты артықшылығы – азық-түлік біздің жәрмеңкеде нарықтан төмен бағамен сатыл­ды. Нарықтан 20-25 пайызға дейін төмен бағада сатылды. Жалпы, биыл ауа райының қолайсыздығына қарамастан, өңірімізде дәнді дақылдарды уақытылы жинап алдық. Астанада солтүстіктің сүт және сүт өнімдері жоғары сұра­ныс­­қа ие. Оған дәлел, апта сайын 10 тоннадан астам сүт өнім­дерін Нұр-Сұлтан қаласына жөнелтеміз. Одан бөлек, ет, сүт, жұмыртқа және көкөніске сұраныс жоғары. Біз­дің ауыл­­шаруашылық өнімдерге тек қана Қазақстанда ғана емес, көрші елдерден де сұраныс көп, – деді облыс бас­шы­сы.

Ол сондай-ақ жәрмеңкеге 100-ден астам солтүс­тік қазақ­­стандық тауарөндіруші кәсіпорын белсене қатыс­қа­нын атап өтті. Жәрмеңкеде ет және ет өнімдері, конди­тер­лік өнімдер, жарма түрлері, қымыз, бал және көкө­ніс­тер мен жеміс-жидектер сатылды.

Жәрмеңкеде «Биохим», BioОperations, «Тайынша май», «Зенченко и К», «Пальчик», «Масло-Дел», «Мак­сималь­ный размах», «Фирма Алекри», «Мамлютский муко­мольный комбинат», «Султан-ММК» кәсіпорындары өз өнімдерін ұсынды. Олар тек қана Қазақстанды ғана емес, алыс-жақын шетелді де азық-түлік өнімдерімен қам­та­масыз етіп отыр.

Аймақ басшысының айтуынша, солтүстік те өнім өндіру көлемін арттыру үшін Qyzyljar арнайы аймағы құ­ры­лады. Алдағы 25 жылда 3 мыңнан астам адамды тұ­рақ­ты жұмыспен қамтиды. Сонымен қатар аймақта ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен қатар элек­тро­ни­ка, күнделікті қолданатын тұрмыстық заттар өндірісіне де көңіл бөлінеді.

 

Майра БАҚЫТ