Шәкіртақысын уақытылы ала алмай жүрген студенттің проблемасын партия шешті
Шәкіртақысын уақытылы ала алмай жүрген студенттің проблемасын партия шешті
200
оқылды

Бұл туралы Nur Otan партиясы Төрағасының Бірінші орынбасарының кеңесшісі Назиля Раззак Facebook-тағы парақшасында жазды.  

Студент М.Қозыбаев атындағы СҚУ ҰАҚ үшінші курсында оқиды. 2019 жылы облыс әкімінің гранты бойынша оқуға түскен. Үш жақты шартқа сәйкес оқу ақысын төлеумен қатар, СҚО әкімдігі шәкіртақы да төлеуі тиіс болатын. Алайда, биыл қыркүйек айының соңында ол шәкіртақы алған жоқ. Бірнеше рет ол жұмыстың осы бағытына жауап беретін университеттің құрылымдық бөлімшесіне жүгінген, бірақ мардымды жауап ала алмаған. Соған байланысты «Болашақ» филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне түсіндіру және көмек көрсету үшін жүгінген.

«Болашақ» аумақтық филиалының аппараты СҚО Білім басқармасымен байланысқа шығып, аталған студент шын мәнінде, СҚО әкімі грантының иегері болып табылатынын және міндетті түрде стипендия алуға тиіс екенін растады.

Сонымен қатар, оның оқуы мен шәкіртақы төлемдері үшін ақшалай қаражат ЖОО-ға аударылған. Партия мүшелері өтініш берушіге шәкіртақы төленбеу себептерін тексерді. Студенттерге шәкіртақы тағайындау туралы бұйрықты қалыптастыру кезінде қате жіберілгені анықталды. Д. шәкіртақы алатын студенттер тізіміне оның оқу курсы шатасқандықтан енгізілмеген.

Партия мүшелерінің араласуынан кейін университет әкімшілігі стипендия алатын студенттер тізіміне өзгерістер енгізу туралы жедел бұйрық шығарды. Мәселе оң шешімін тапты.