Қостанайда шенеунік пара алып сотталды
Қостанайда шенеунік пара алып сотталды
5,193
оқылды

Қостанай облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінген Қостанай ауданы әкімдігінің «Жер қатынастары бөлімі» ММ басшысы С.М. Сыздықовқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.Бұл туралы "Қазақпарат" хабарлайды.

Бұл туралы ҚазАқпарат Сыбайлас жеморлықпен күрес қызметінің мәліметтеріне сүйене отырып хабарлайды. С.М.Сыздыков Қостанай ауданының Затобол кентінде жылыжай құрылысына жер телімін бөлгені үшін азаматтан 500 мың теңге сомасында (бұрын келісілгеннен - 1 млн. теңге) пара алды деген күдікке ілінген болатын. 2019 жылдың 21 қазанындағы Қостанай аудандық сотының үкімімен Сыздыков С.М. пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, оған 2 жыл 7 ай мерзімге бас бостандығынан айыру және мемлекеттік қызметте лауазымды қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыру жазасы тағайындалды.