«Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Ғали Есқалиев азаматтарды онлайн форматта қабылдауды жалғастыруда. Өңір басшысы қабылдауға жазылған азаматтармен бейнебайланыс форматында кездесу өткізді. Осылайша, карантин режимі талаптарының сақталуы қамтамасыз етілді.
Сондай-ақ бейнебайланыс форматындағы қабылдауға Орал қаласының және аудан әкімдері, облыстық басқарма басшылары қосылды. Өтініш білдірген азаматтардың басым бөлігі тұрғын үй және жұмыспен қамту жөніндегі мәселелерді көтерді. Қабылдау барысында облыс әкіміне бiрнеше жыл баспана жалдап жүрген Шыңғырлау ауданының тұрғыны өз сауалын қойды. Мемлекеттік мекемеде жұмыс істейтін көпбалалы әйелді қызметтік тұрғын үй алу мүмкіндігі қызықтырды. Өңір басшысының тапсырмасы бойынша ауданда тұрып жатқан қызметтік тұрғын үй алаңдары мен онда тұратын азаматтардың санына талдау жүргізіледі. Қызметтік тұрғын үйді тиімсіз пайдалану анықталған жағдайда ауылда жұмыс істеп жатқан баспанаға мұқтаж азаматтарға тұрғын үй алаңдарын бөлу жұмыстары жүзеге асырылады. Аймақ басшысы әрбір мәселені жеке тыңдап, қала, аудан және басқарма басшылығына өтініш білдірген азаматтарға заңнамаға және қолданыстағы мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес жан-жақты қолдау көрсетуді тапсырды.Әбілмансұр ЖАСАН