Шымкент қаласындағы Shymkent Plaza сауда, ойын-сауық орталығында осындай тақырыпта республикалық патриоттық акциясы өтті.
Елімізде Nur Otan партиясының бастамасымен мемлекеттік рәміздерді насихаттау және жастарды патриотизмге тәрбиелеу мақсатында «Менің Туым – менің Отаным» атты республикалық патриоттық акциясы басталған. Shymkent Plaza-дағы акцияның өтуіне Nur Otan партиясының Шымкент қалалық филиалы ұйытқы болды.
Республикалық маңызды шараға Nur Otan партиясының Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов, Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Ғани Ташқараев пен қала мәслихатының депутаттары, қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы Жанар Бектаева, мемлекеттік мекеме басшылары, Jas Otan Жастар қанатының белсенділері қатысты.
Шараға қатысушылар мемлекеттік Туды салтанатты түрде көтеріп, Әнұранды шырқады.
Назгүл НАЗАРБЕК,
Шымкент қаласы