Университеттерде сенім жəшігі бар
Университеттерде сенім жəшігі бар
264
оқылды

Қарағандыда студенттердің шағымдарын жедел қарас­тыру мақсатында, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қарсы әрекет ету үшін жоғары оқу орындарында және жатақханаларда «Сенім жәшігі – Ящик доверия» қораптары орнатылды.

Мұндай қораптар облыстағы бар­лық оқу орны мен жатақхана­лар­ға қойылды.

Іс-шараға Nur Otan партиясы Қарағанды облыстық филиалы төра­ғасының орынбасары На­зар­бек Бекбатыров, Jas Otan ЖҚ Қарағанды облыстық филиа­лы­ның төрағасы Ержан Хамитов, Saryarqa adaldyq alany аймақтық жобалық кеңсесінің жетекшісі Малика Кусенбаева және сту­дент­тер қатысты.

Ағымдағы жылдың 21 тамы­зын­да Тұңғыш Президент – Елбасы, Nur Otan партиясының Төрағасы Н.Назарбаев Nur Otan пар­тиясы Саяси кеңесінің ке­ңей­­тілген отырысында ЖОО сы­бай­лас жемқорлықты жою бойынша тапсырма берген бола­тын.

Қазіргі уақытта ЖОО-да сы­бай­лас жемқорлықтың кең тара­луы өзекті мәселе. Әлеуметтік зерт­теу жүргізу ол сыбайлас жем­­қорлық көріністері мен оған қар­сы жұмыстарды талдаудың кең таралған бағыттарының бірі.

Jas Otan Жастар қанаты мем­ле­­кеттік қызмет істері бойынша агенттікпен, Adaldyk alany ай­мақ­тық жобалық кеңсесімен бірлесе отырып «Таза сессия» ак­циясы аясында облыстағы бар­лық жоғары оқу орнында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында студенттер ара­сын­да сауалнама жүргізіп, жа­тақ­ханалардың жағдайына мо­ни­торинг жүргізді.

 

Ләззат ҚОЖАХМЕТ, 
Қарағанды облысы