«Студенттер жатақханасынан тышқанды да көрдік» – Елнұр Бейсенбаев
«Студенттер жатақханасынан тышқанды да көрдік» – Елнұр Бейсенбаев
239
оқылды
Биыл студенттер үшін оқу жылы басқа форматта өтіп жатқанына қарамастан жатақхана мәселесі әлі де өзекті болып қалуда. Осы орайда жасотандықтар Университет пен колледж жатақханаларының жағдайына мониторинг жүргізу бойынша ауқымды науқан жүргізуді бастайды. Бұл туралы Jas Otan Жастар қанатының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев өзінің фейсбуктегі парақшасында хабарлады. Тышқан «Ертеңнен бастап Университет пен колледж жатақханаларының жағдайына мониторинг жүргізу бойынша ауқымды науқан жүргіземіз. Бірінші легі Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда, Шымкент, Павлодар, Атырау және Ақмола облыстарында басталады. 2019-2020  оқу жылының басында біз «Адалдық алаңы» және құзыретті органдармен бірлесіп еліміз бойынша 270 ЖОО және 375 колледждерінің жатақханаларын тексерген болатынбыз. Мониторинг нәтижесінде 60-тан астам жатақханаларда:
  • қарапайым санитарлық нормалар сақталмағаны,
  • бөлмелерді басқа азаматтарға «Крыша» сайты арқылы жалға беруі,
  • өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау шаралары қабылданбағаны анықталды.

Сондай-ақ, сорақы фактілер де тіркелді. Мәселен ас пісіретін пештен өлген тышқанды тауып алдық» – деп жазды Jas Otan басшысы.

Мониторингтің қорытындысы бойынша Жастар қанатының ұсынысымен тиісті органдарға мәселені шешу бойынша хат жазылды. Тышқан «Жатақхана – бұл студенттің екінші шаңырағы. Әсіресе ауылдан келгендер үшін жатақхананың бар болғаны маңызды. Сондықтан мұндағы жағдай өмір сүруге ыңғайлы болу керек. Ертеңнен бастап үлкен науқанды бастаймыз. Бізге қосыламын деген студенттер болса, мархабат. Және де жатақханаңызда қандай да бір мәселе шықса, бізге хабарласуларыңызға болады» – деп түйіндеді өз сөзін Елнұр Бейсенбаев.