Грузиядағы банктердің бірінде қызметкерлер мен клиенттер кепілге алынды
Грузиядағы банктердің бірінде қызметкерлер мен клиенттер кепілге алынды
393
оқылды
Грузияның батысында Зугдидидегі банктердің бірінде адамдар кепілге алынды, - деп хабарлайды Sputnik Грузия. Басылым мәліметінше, қарулы адам 21 қазанда Грузия банкінің Зугдиди орталығындағы филиалдарының бірінде адамдарды кепілге алған. Алдын ала мәлімет бойынша, ғимаратта банктің 30 қызметкері мен клиенті бар.
"Рустави 2" телеарнасы банкке екі адам шабуылдағанын хабарлады. Сондай-ақ, БАҚ мәліметінше, қарулы қылмыскерлер 500 мың доллар талап еткен.
Телекомпания хабарлауынша, банкте кепілге алынған кейбір адам босатылған. Қарт адамдарға филиалдан шығуға рұқсат етілген. Бұл оқиға бойынша олар Грузия Ішкі істер министрлігі мәлімдеме жасады. Грузия Қылмыстық кодексінің 179, 236 және 144-баптары бойынша қылмыстық іс қозғалғаны атап өтілді. Бұлар - "кепілге алу", "тонау", "қаруды заңсыз алу, сақтау және алып жүру".
"Полиция операциясын бейбіт түрде өткізу үшін оқиғаға жақын жерде қауіпсіздік стандарттарын сақтау өте маңызды. Ішкі істер министрлігі бұқаралық ақпарат құралдарын қауіпсіздік стандарттарын сақтауға, полиция қызметі мен арнайы жасақтар ұсынған кадрларды тікелей эфирде таратпауға шақырады. Бұл азаматтар мен полиция қызметкерлерінің өміріне және олардың денсаулығы қауіп төндіреді", - делінген хабарламада.