Оралда жоғалып кеткен 71 жастағы қария бір аптадан кейін табылды
Оралда жоғалып кеткен 71 жастағы қария бір аптадан кейін табылды
202
оқылды
Оралда жоғалып кеткен 71 жастағы ер адам бір аптадан кейін табылды. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, Иван Касаткин кеше түсте Зачаган кентіндегі «Нефтэк» жанар-жағар май құю стансасы маңынан табылды. Ер адам қазір ауруханада жатыр. Еске сала кетейік, Оралда жоғалып кеткен 71 жастағы ер адамның іздестіріліп жатқаны хабарланған болатын. Ол 13 қазан күні үйінен шығып кеткеннен оралмаған.