Елордалық белсенді тіл үшін соттасуға дейін барған
Елордалық белсенді тіл үшін соттасуға дейін барған
259
оқылды
Елордалық белсенді Сәкен Есіркеп түбіртекті мемлекеттік тілде беруді талап етіп, сол үшін соттасуға дейін баруға мәжбүр болған. Бұл туралы ол өзінің фейсбук парақшасында жазды.
"Жүрген жерімде қазақша сөйлеуге тырысамын. Өзім тұратын «Қыпшақ» тұрғын үй кешенінде бірнеше жылдан бері «Орда Тазалық 777» ЖШС қызмет көрсетеді. Мемлекеттік тілге қырын қарайтын бұл мекеменің квитанциялары, хабарландырулары негізінен орысша. Біраздан бері қазақша талап етіп келемін.
Биыл жыл басында қазақша неге жазбайсыңдар дегенімде провакация жасап, жоқ жерден шу шығарып, «ұлтаралық араздықты қоздырып жатсың» деп шулай жөнелген. Оған қарамастан тағы бірнеше рет талап еткенімде Фейсбуктегі «Астана, хочу похвалить / пожаловаться» деген үлкен топта арнайы пост жазып, қала басшылығына, Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне үстімнен шағым түсірді.
Өз талабымның толық заңды, әрекетімнің қисынды екеніне сенімді болғасын жақында аталған ұйымның үстінен сотқа талап арыз түсірдім. Құр дабыра, у-шумен өз дегенін жасап үйренген ПИК (КСК) өкілдері судьяның алдында моп-момақан күйге түсіп, менің аргументтерімнің алдында тас-талқаны шықты. Енді, міне, «жаздым-жаңылдым» деп менен кешірім сұрап, арнайы пост жазып отыр.
Өз құқығымызды, ар-ожданымызды қорғау жолында принципшіл болайық. Тілдің де мәртебесі талапшыл, білімді, жанашыр азаматтар көп болған кезде жақсара түсері анық, – дейді желі қолданушысы.
Сәкеном Есіркепом Среда, 21 октября 2020 г.