Қазақстанда 2020 жылы қандай жолдар ақылы болатыны туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Сайранбек Бармақов айтып берді.
– «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» дәлізін, Щучинскіден Петропавлға дейінгі жол учаскесін, Омбы – Павлодар және Нұр-Сұлтан – Қостанай – РФ шекарасына дейінгі жолды ақылы негізге көшіреміз. Жолдар реконструкцияланған барлық жерде ақылы жүйені енгіземіз, – деді ол PrimeMinister.kz-ке берген сұхбатында.