Тоқаев бірқатар әскери соттарды таратты
Тоқаев бірқатар әскери соттарды таратты
262
оқылды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы гарнизондарының кейбір әскери соттары таратылды деп хабарлайды Әскери соттың баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 15 қазандағы Жарлығымен мыналар таратылды:
  1. Маңғыстау облысы Ақтау гарнизонының әскери соты;
  2. Қарағанды облысы Қарағанды гарнизонының әскери соты;
  3. Қостанай облысы Қостанай гарнизонының әскери соты;
  4. Алматы облысы Талдықорған гарнизонының әскери соты;
  5. Шығыс Қазақстан облысы Өскемен гарнизонының әскери соты;
Жарлық заңды күшіне енді.

  Сонымен қатар, соттылығына қарай:

          - Маңғыстау облысы Ақтау гарнизонының әскери соты істері Ақтөбе гарнизоны әскери сотына;

          - Қарағанды облысы Қарағанды гарнизонының әскери соты және Қостанай облысы Қостанай гарнизонының әскери соты істері  Ақмола гарнизоны әскери сотына;

          - Алматы облысы Талдықорған гарнизонының әскери соты істері Алматы гарнизоны әскери сотына;

          - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен гарнизонының әскери соты істері Семей гарнизоны әскери сотына қарайды.